Ресей астанасында ИСИМ-нің 20 мүшесі құрықталды
(last modified Sat, 09 Apr 2016 09:56:33 GMT )
Сәу 09, 2016 15:56 Asia/Almaty
  • Ресей астанасында ИСИМ-нің 20 мүшесі құрықталды

Ресейдің қауіпсіздік күштері осы ел астанасы Мәскеуде ИСИМ лаңкестік тобына мүше 20 адамды құрықтады.

Press TV-дің хабарлауынша, Ресейдің бір қауіпсіздік қайраткері осы елдің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен полиция күштерінің арнайы амалдарында ИСИМ-ге мүше 20 адамның құрықталғанын, құрықталғандардың басым бөлігін қолдарында Түркияның жалған құжаттары, соның ішінде жүргізу куәліктері бар Өзбекстан азаматтары құрағанын мәлімдеді.

Осы адамдардың бірінің Ресейдің оңтүстік-батысындағы Волгоград қаласында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлағаны анықталды.

ИСИМ бұдан бұрын Ресей Федерациясындағы, әсіресе, Кавказ аймағындағы бірнеше лаңкестік әрекеттің жауапкершілігін өз мойнына алған болатын.