Қаз 31, 2018 21:22 Asia/Almaty

Иран, Түркия және Әзірбайжанның Сыртқы Істер министрлері Стамбұлдағы үшжақты отырыстың қорытынды мәлімдемесінде біржақты санкцияларды айыптады.

ISNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф, Мевлют Чавушоғлы мен Эльмар Мамедъяровтың Стамбұлда өткен үшжақты отырысында қол қойылған мәлімдемеде біржақты санкциялардың мемлекеттердің сауда қарым-қатынастарына теріс әсерін тигізетіні, сондықтан олардың салынуына тосқауыл қою қажеттігі ескерілді.

Иран, Түркия және Әзірбайжанның   Стамбұлдағы үшжақты мәлімдемесінде басқа елдердің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу, сондай-ақ, Қарабақ қайшылықтары сынды мәселелерді бейбіт жолмен шешу және басқалардың ішкі істеріне араласпау қуатталды.  

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров құжатта халықаралық транзит жүйесін жақсарту мақсатында үш елдің  тасымалдау саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту талпыныстарын арттыратындықтарын мәлімдеді.

 

 

Тегтер