Вашингтон ең соңында Йемен соғысын тоқтатуды талап етті
https://itolqyn.com/news/world-i39684
Сауд режимінің Йемен халқына қарсы соғысынан бері төрт жылға жуық уақыт өткеннен кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Қорғаныс министрі бұл соғысты тоқтатуды талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 31, 2018 22:12 Asia/Almaty
  • Вашингтон ең соңында Йемен соғысын тоқтатуды талап етті

Сауд режимінің Йемен халқына қарсы соғысынан бері төрт жылға жуық уақыт өткеннен кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Қорғаныс министрі бұл соғысты тоқтатуды талап етті.

Рейтерс агенттігінің мәліметі бойынша, Майк Помпео сейсенбі күні мәлімдеме жариялап, БҰҰ-ның бақылауымен Йеменнің бейбітшілік келіссөздерінің басталғанын хабарлап, Сауд режимі басқаратын коалиция күштері мен йемендік күштерден соғысты тоқтатып, келіссөздерді бастауға дайындалуды сұрады.

АҚШ Қорғаныс министрі генерал Джймс Мэттис де Йемендегі соғысты тоқтатуды талап етіп: "Алдағы 30 күннің ішінде бейбітшілікке жету мақсатындағы йемендіктердің келіссөздері басталуы керек",- деді.  

Сауд Арабиясы  АҚШ-тың қолдауымен 2015-ші жылдың наурыз айынан бастап Йеменге әскери шабуыл жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алып, 14000-нан астам әскери емес қарапайым халықтың қаза болуы мен ондаған мың адамның жарақаттануы мен миллиондаған йемендіктің баспанасыз қалуына себеп болды.