Атмосфераның ластануы салдарынан 7 миллион адам қаза болды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры атмосфераның ластануынан жыл сайын 7 миллион адам қаза болатынын хабарлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом сәрсенбі күні ауаның ластануымен күресу және ауаның ластануы салдарларының жер тұрғындарының денсаулығына тигізетін салдарлары сияқты мәселелерді қарастырған Женевада өткен конференцияда: «Жүрек талмасы, тамыр және ми, өкпенің қатерлі ісігі және тыныс алу органдарының созылмалы ауруларына байланысты өлімнің үштен бір бөлігі ауаның ластануымен тікелей байланысты»,- деді.
Тедрос Адханом ауаның ластығына қарсы әлемнің түкпір-түкпірінде ортақ шаралар қолдану қажеттігін қуаттап: «Бұл құбылыстың негізгі себептері транспорт, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, қоқысты өртеу болып табылады. Оларға қарсы тұру үшін әлем деңгейінде бірігіп күресіп, шынайы шара қолдану керек»,- деді.