Үндістан Иран мұнайын рупиямен сатып алады
(last modified Thu, 01 Nov 2018 12:16:46 GMT )
Қар 01, 2018 18:16 Asia/Almaty
  • Үндістан Иран мұнайын рупиямен сатып алады

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Үндістанның Мұнай министрі Дхармендра Прадхан рупиямен сауда механизмін қайта жандандыру үшін жақында Иранмен бір келісімге қол қойылатынын хабарлаған. Соған сәйкес, Нью-Дели Теһранмен саудада Үндістанның ресми валютасы – рупиямен төлеу механизмін пайдаланатын болады.

Осы мәлімет бойынша, Үндістан Парламентінде бұл қаулының мазмұнын талқылау жұмысы аяқталғандықтан алдағы бірнеше күнде бекітілуі мүмкін.

Прадхан Иранмен тарихи, мәдени және өркениеттік ортақтастықтарға тоқталып: "Үндістанның экономикалық мүдделері аймақ елдерімен, соның ішінде Иранмен байланысты. Нью-Дели үкіметі Ираннан мұнай сатып алу үшін кешенді түрде әрекет жасайды",-деді.