Зариф: Исламабад ирандық шекарашыларды азат етуге міндеттеме алды
Иран СІМ Пәкістанның астанасы Исламабадқа жасаған бір күндік сапарында осы елдің жоғары деңгейлі басшыларымен әртүрлі тақырыптарда, соның ішінде екі жақты байланыс, аймақтық серіктестік, әсіресе ұрланған ирандық шекарашыларды азат ету ісін жылдамдату туралы сөйлесті.
Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен кездесуде Исламабадтың ирандық шекарашыларды азат ету үшін көбірек талпыныс жасауын сұрады.
Зариф Имран Ханмен кездесуімен қатар Пәкістанның СІМ және Армия құрлық күштерінің қолбасшысымен де кездесіп, олардың ұрланған ирандық шекарашыларды босату үшін шынайы талпыныс жасауы қажеттігін баса айтты.
Сонымен қатар Зарифтің Пәкістан басшыларымен кеңескен тақырыптары Теһран-Исламабад байланыстарының деңгейі мен аймақтық мәселелерді қарастыруды да қамтыды. Иран мен Пәкістан көршілес екі ел ретінде және ықпал ету рөлдеріне байланысты аймақтық теңгерімдерде әрдайым жақсы қарым-қатынасқа ие.
Оған кейбір ащы оқиғалар, соның ішінде Иран мен Пәкістанның ортақ шекараларындағы лаңкестік әрекеттер әсер еткен жоқ. Себебі, Зарифтің айтуы бойынша екі елдің басшылары шекараларының қауіпсіздігін сақтау үшін талмай талпыныс жасап келеді.
Иран СІМ Пәкістан басшыларымен кездескеннен кейін тілшілерге берген сұхбатта Исламабадтың ұрланған ирандық шекарашыларды азат ету үшін бар талпыныстарын іске жұмылдыруға міндеттеме алғанын мәлімдеді.
Қазан айының 15 күні түнде Иранның оңтүстік-шығысындағы Мирджаве аймағындағы бейтарап аймақта ирандық 12 шекарашыны лаңкестік топтар ұрлап, Пәкістанның аумағына әкеткен болатын.
Иран мен Пәкістанның ортақ шекараларында лаңкестік әрекеттер оқтын-оқтын болып тұрады. Теһран Исламабадқа әрдайым ескерту жасап, шекаралардың қауіпсіздігіне бұрынғыдан көбірек көңіл аударуды сұрап келеді. Пәкістан жерінде лаңкестердің штабтары орналасқан. Олар бөгде үкіметтердің қолдауымен Иран мен Пәкістанның жақсы байланысына шекаралардағы қауіпсіздікке қарсы әрекеттерімен сызат түсіруге күш салуда.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Мохаммад Пакпур лаңкестердің Пәкістан жерінде базалары мен штабтары бар екендігін айтып, Пәкістан Армиясы басшыларымен хабарласып, олардан содырларды ұстап, ұрланған шекарашылардың бас амандықтарына кепілдік беруі және Пәкістан армиясының осы мәселеге жауапкершілік танытуы сұралғанын мәлімдеді.
Лаңкестікпен күресу үшін шынайы ерік-жігердің болуы Иран мен Пәкістан шекараларындағы, әсіресе сол елдің түкпір-түкпірінде тұрақты қауіпсіздіктің орнатылуының негізгі шарты саналады.
Иран шекараларын асқан жауапкершілікпен күзетіп отыр. Пәкістан үкіметі де шынайы ерік-жігермен екі елдің жақсы қарым-қатынасына лаңкестік әрекеттердің теріс әсер етуіне рұқсат бермеуі керек.
Осы аяда Пәкістан СІМ бүгін, бейсенбі күні Иран мен Пәкістан СІМ-нің лаңкестік топтар мен содырлардың жүріп-тұруына тосқауыл қою мақсатында ортақ шекараларға нақты бақылау жасау қажеттігін және осы салада барлық мүмкіндікті пайдалануға келіскендерін мәлім етті.
Иран үкіметі Пәкістан үкіметінен ортақ шекаралардың қауіпсіздігін күзету үшін үзбей ынтымақтастық пен талпыныс жасап, ирандық шекарашыларды неғұрлым жылдам лаңкестердің қолынан азат етуді күтеді.