Помпео ҚХР-н халықаралық заңдарды бұзумен айыптады
https://itolqyn.com/news/world-i39701-Помпео_ҚХР_н_халықаралық_заңдарды_бұзумен_айыптады
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қытай Халық Республикасын халықаралық заңдарды сақтамай, «әртүрлі елдерге жылдар бойы қайғы-қасірет шектірді» деп айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 01, 2018 22:50 Asia/Almaty
  • Помпео ҚХР-н халықаралық заңдарды бұзумен айыптады

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қытай Халық Республикасын халықаралық заңдарды сақтамай, «әртүрлі елдерге жылдар бойы қайғы-қасірет шектірді» деп айыптады.

Russia Today ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Майк Помпео бейсенбі күні радио арқылы берген сұхбатында «Трамп үкіметі ҚХР төндірген осы қатерді анықтаған алғашқы ел» деген уәж айтып: "ҚХР әлемнің көптеген елдерін қарызға батырып, оларды көптеген жыл бойы қайғы-қасірет шектіріп келеді",- деді.

АҚШ өткен бірнеше айда ҚХР-мен сауда тапшылығы мәселесін көтеріп, бұл елден импортталатын тауарларға жүздеген миллиард доллар тариф бекіткен болатын.