Путин: Ресей мигрант қабылдауға дайын
https://itolqyn.com/news/world-i39705-Путин_Ресей_мигрант_қабылдауға_дайын
Ресей президенті елінде тұрақты түрде өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға негізделген мигрант қабылдау жөніндегі саясатты жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 01, 2018 23:07 Asia/Almaty
  • Путин: Ресей мигрант қабылдауға дайын

Ресей президенті елінде тұрақты түрде өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға негізделген мигрант қабылдау жөніндегі саясатты жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.

Sputnik агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин шетелдерде тұратын ресейлік азаматтардың Дүниежүзілік алтыншы конгресінде: "Ресей заңсыз түрде бастары қатерге ұшыраған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшін салып, оларға пана береді",- деді.

Путин Ресейден қорқыту мен ұлтшылдықтың басқа да формаларының Украина секілді елдерде етек жаюын айыптады.

Ресейден тыс ресейлік азаматтардың Дүниежүзілік алтыншы конгресі 98 елден келген 400 ресейлік азаматтың қатысуымен қазанның отыз бірінен қарашаның бірі аралығында Мәскеу қаласында өтіп жатыр.