Хошру: АҚШ-тың санкциялары әлемдік сауданы тоқтатты
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі бейсенбіде АҚШ санкцияларының жаһандық сауданы тоқтатқаны туралы қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ғоламәли Хошру АҚШ-тың Кубаға қарсы біржақты санкцияларын тоқтату үшін ұсынылған қарарды талқылау үшін өткен БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында: "Қырғи-қабақ соғысы" кезіндегі саясаттарды жүргізуді көздеп отырған АҚШ-тың қазіргі үкіметінің біржақты санкциялар салу сияқты әрекеттері Кубаның экономикасына көп шығын келтірді",- деді.
Хошру сондай-ақ, АҚШ-тың өткен 40 жылдағы Иранға қарсы дұшпандығына, соның ішінде Теһранға қарсы бұрын-соңды кездеспеген экономикалық санкция салуына тоқталып: "АҚШ өз мақсаттарына жету үшін санкция салуды құрал ретінде пайдалануда",- деді.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы бейсенбі күні қорытынды қаулы бекітіп, АҚШ-тың Кубаға қарсы біржақты санкцияларын тоқтатуды талап етті. Бұл қарар АҚШ пен Израильдің қарсылығына қарамастан 186 "оң" дауыспен бекітілді.