Моссадтың бүлігі – Еуропаны Ираннан алыстату мақсатындағы әрекет
https://itolqyn.com/news/world-i39714-Моссадтың_бүлігі_Еуропаны_Ираннан_алыстату_мақсатындағы_әрекет
Дания өткен сейсенбі күні кейбір еуропалық мемлекеттердің Иранға қарсы жанжалдарының жалғасында Теһранды Данияда лаңкестік әрекетті іске асыруға талпыныс жасады деп айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 02, 2018 22:42 Asia/Almaty
  • Моссадтың бүлігі – Еуропаны Ираннан алыстату мақсатындағы әрекет

Дания өткен сейсенбі күні кейбір еуропалық мемлекеттердің Иранға қарсы жанжалдарының жалғасында Теһранды Данияда лаңкестік әрекетті іске асыруға талпыныс жасады деп айыптады.

Дания өткен сейсенбі күні кейбір еуропалық мемлекеттердің Иранға қарсы жанжалдарының жалғасында Теһранды Данияда лаңкестік әрекетті іске асыруға талпыныс жасады деп айыптады.

АҚШ үкіметінің Данияның әрекетін қолдауы мен Изриалдің барлау ұйымы Моссадтың Даинияның Иранға қарсы ісіне қатыстылығының әшкереленуімен бұл жобаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толығымен жою және Иран мен Еуропаның ядролық мәселеге қатысты келісімді сақтап қалу саласындағы сындарлы ынтымақтастықтарын бұзуды көздегені анықталды. Сионистік режимнің "The Jerusalem Post" газеті де сәрсенбі күні Данияның Иранға қарсы ісіне Израильдің тікелей қатыстылығын мойындады.

Мамыр айының 8 күні АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен ИИР Президентінің маусым айындағы Еуропа сапарымен тұспа-тұс Иранның Франциядағы жиналысты нысанаға алу талпыныстары туралы уәждерге жасаған шолу Моссадтың қатыстылығын дәлелдеді. Нетаньяхудың сәуірдің 30 күнгі Иранның ядролық бағдарламасы туралы көрсеткен файлдары АҚШ Президенті Дональд Трампты мамырдың күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына себеп болды.

Париждегі бомбалар туралы уәждердің осы қаланың аумағында "Монафеқин" лаңкестік тобының жыл сайынғы отырысымен тұспа-тұс келуі мен Дания үкіметінің Иранға қарсы қазіргі уәждеріне Моссадтың қатысты екендігі анық. Бұл әрекеттер – АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейінгі Иран мен Еуропаның жақсы қарым-қатынасын бұзу саласында жобалардың алдын ала жоспарланғанының белгісі. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Твиттерде: "Бұл оқиғалардан Моссадтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жою мақсаты байқалады",- деп жазды.

Данияның уәждері баяндалған соң АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео америкалық Fox News арнасына берген сұхбатында Иран мен Еуропаның қарым-қатынастарын бұзу саласындағы америкалық-сионистік қастандықтарға қатысты: "Данияның Иранға қарсы уәждеріның маңыздылығы мен Иранға қатысты мүлдем басқа саясат ұстану қажеттігін түсіндіру үшін АҚШ еуропалық мемлекеттермен күн сайын сөйлесіп жатыр",- деді. Помпеоның бұл ұстанымы АҚШ-тың Израильмен қосылып, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуынан кейінгі біржақты саясаты мен санкцияларына келіспеген еуропалықтардың Иранмен ынтымақтастықтарын бұзғысы келетінін көрсетеді.

Негізсіз қастандықтар мен олардың залалсыздандырылуы Иранның әлемдік қоғаммен қарым-қатынас орнату саласындағы саясаты мен сындарлы дипломатиясын көрсетеді. Сондай-ақ, Еуроодаққа мүше ықпалды елдердің басшылары АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранмен экономика саласында ынтымақтастық жасайтындықтарын қуаттады.