Еуропа Одағының Иранға арнаған қаржы механизмі айтарлықтай ілгеріледі
Германия, Ұлыбритания мен Францияның Сыртқы істер және Қаржы министрлері Еуропа Одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысымен бірге жариялаған ортақ мәлімдемесінде бұл одақтың Иран үшін дайындап жатқан қаржы саласындағы механизмінің айтарлықтай ілгерілегенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, мәлімдемеде Еуропа Одағының Вашингтонның Теһранға қарсы салған санкциялардың салдарын өтеуі тиіс соңғы пакетті дайындауға қатысты берік әрі ортақ шешімі баса айтылды.
Мәлімдемеде сондай-ақ, Еуропа Одағының соңғы апталардың ішінде, әсіресе арнайы қаржы механизмін (SPV) құруға қатысты талпыныстарының еуропалық экспорттаушылар мен импорттаушылар үшін заңды түрде сауда жасауға мүмкіндік беретіні, Еуропа Одағының "Ортақ қадамның" тараптары ретінде Теһранмен қаржы арналарын сақтау және қорғау, Иранның мұнай мен газын экспорттауды жалғастыруға міндетті екені айтылған.
Еуропа Одағының мәлімдемесінен "Ортақ қадамның" басқа тараптары саналатын Ресей мен ҚХР және Иранның ядролық келісімін қолдауға әзір үшінші елдермен ынтымақтастық жөніндегі талпыныстарын жалғастыратыны да мәлім болды.