Ресей: АҚШ Иранға қарсы санкцияларды қайтару арқылы халықаралық қауіпсіздікке қатты соққы жасайды
Ресейдің СІМ өзінің мәлімдемесінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан бір жақты түрде шығуы мен Иранға қарсы санкцияларын қайтаруын айыптап, АҚШ шарасының халықаралық қауіпсіздікке қатты соққы болатынын және Ақ үйдің саясаттарындағы екіжүзділікті әшкерелейтінін мәлімдеді.
Ресей СІМ-нің мәлімдемесінде АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттерімен, соның ішінде Иранның ядролық келісімінен біржақты негізде шығуымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының бұзылып, халықаралық тұрақтылықтың әлсіреуіне себеп болатыны айтылған.
Ресей СІМ осы мәлімдемеде АҚШ-тың екі жақты және халықаралық келісімдерден біржақты негізде шығуын қатты сынап, ИИР-ның ядролық келісімдегі міндеттемелеріне берік екенін айтып, Ресейдің ешбір жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына қайшы осындай біржақты шараларды қабылдамайтынын қуаттады.