Помпео елінің санкция салу мақсатының Иран халқы емес екенін айтты
АҚШ Мемлекеттік хатшысы сенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Вашингтонның заңсыз әрі әділетсіз санкцияларының Иран халқына бағытталмағанын айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Майк Помпео Иранның аймақтағы белсенділіктерін бүлдіргі сипатқа ие деп атап, Вашингтонның ауыр санкциялар қолдану арқылы осы белсенділікті тоқтатуға талпыныс жасап жатқанын айтты.
Помпеоның санкциялардың Иран халқын көздемейтіні туралы уәждері Guardian газеті өткен жексенбі күні Еуропа елдерінің осы күнге дейін Вашингтонды санкциялар тізімінен гуманитарлық тауарларды, соның ішінде азық-түлік пен дәрі-дәрмекті шығаруға көндіре алмағанын хабарлаған жағдайда айтылып отыр.