Иран мен Ауғанстан арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды
(last modified Sun, 04 Nov 2018 16:46:21 GMT )
Қар 04, 2018 22:46 Asia/Almaty
  • Иран мен Ауғанстан арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды

Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі мен Ауғанстан Бейбітшілік жоғары кеңесінің Төрағасы екі ел арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі Мансур Ғолами Теһранда  Ауғанстан Бейбітшілік жоғары кеңесінің Төрағасы әрі ел президентінің өкілі Мұхаммад Карим Халилимен кездесуінде екі елдің салттары мен әдеп-ғұрыптарының жақындығына тоқталып: "Екі елдің ортақ тілі Теһран мен Кабулдың білім саласында ынтымақтастықтарын жақындату үшін жақсы мүмкіндік тудырды",- деді.

Ғолами сонымен бірге әлемдік рейтингтегі Иран университеттерінің жоғары деңгейіне сілтеме жасап, Иранның жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының жоғары әлеуеттерге иелігінің мақтаныш тудыратынын айтты.