Путинның арнайы өкілі Теһран сапары алдында Асадпен кеңесті
(last modified Mon, 05 Nov 2018 11:39:02 GMT )
Қар 05, 2018 17:39 Asia/Almaty
  • Путинның арнайы өкілі Теһран сапары алдында Асадпен кеңесті

Сирия президенті мен Ресей президентінің Сирия мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Сириядағы қауіпсіздік саласындағы оқиғалар мен сол елде бейбітшілік орнатуға бағытталған халықаралық талпыныстар жайлы сұхбаттасты.

Ресей президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев жексенбі күні Дамаскте Сирия президенті Башар Асадпен кездесуінде Сирия мәселесі жөніндегі жуырда Стамбұлда өткен төртжақты отырыс жайлы баяндап, Мәскеу мен басқа да аймақтық және халықаралық тараптардың Сирия дағдарысын шешу жолындағы қиындықтарды жоюға бағытталған талпыныстар жайлы баяндады.

Сонымен қатар олар Сирияның қазіргі Конституциясын қарастыру жөнінде арнайы комитет құру мәселесі жайлы да кеңесті.

 

Тегтер