Лондонның орталығында "Уа, Хусейн!" ұраны жаңғырды
Лондон қаласының орталығында Хусейннің (ғ.с) қырқы "Арбағин" күніне арналған шеру мен аза тұту рәсімдері Аһле бейтті (ғ.с) сүйетін мыңдаған адамның қатысуымен өтті.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Кербаладағы Хусейнді сүйетіндердің "Арбағин" рәсімдеріне жаппай әрі салтанатты түрде қатысуының жалғасында әртүрлі елдердің, атап айтқанда Иран, Ирак, Сирия, Ливан, Ауғанстан мен Бахрейн азаматтары жексенбі күні түстен кейін жамағат намазын оқығаннан кейін Лондонның орталығында жиналып, шеру ұйымдастырды.
Рәсімде сөз сөйлегендер имам Хусейн (ғ.с) бастаған көтерілістің мақсаттарын түсінідіріп, исламды бейбітшілік пен адамдардың ғиззаты, азаттығы мен ұлылығының діні деп атап, ДАИШ пен сол сияқты топтарды құру арқылы исламның бейнесіне нұқсан келтіруге бағытталған талпыныстарды айыптады.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген тұлғалар сондай-ақ, мұсылман елдерінде бүлік тудыру мақсатындағы жікшілдік әрекеттерге тоқталып, мұсылмандардың хабардарлығын арттырып, бірлігін нығайту қажеттігін қуаттады.