Ресей Премьер-министрі Қытаймен сауда қатынасында ұлттық валюталарды қолдануды қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i39778-Ресей_Премьер_министрі_Қытаймен_сауда_қатынасында_ұлттық_валюталарды_қолдануды_қолдады
Ресей Премьер-министрі ұлттық валюталарды қолданудың Мәскеу мен Бейжің арасындағы сауда қатынасын нығайтуға себеп болатынын айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 06, 2018 09:22 Asia/Almaty
  • Ресей Премьер-министрі Қытаймен сауда қатынасында ұлттық валюталарды қолдануды қолдады

Ресей Премьер-министрі ұлттық валюталарды қолданудың Мәскеу мен Бейжің арасындағы сауда қатынасын нығайтуға себеп болатынын айтты.

Ресми сапармен Қытайда жүрген Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев дүйсенбі күні Шанхайда Ресей мен Қытай үкіметтері арасындағы қатынастың  нығая түскенін, бұл мәселенің  тек екі елдің мүддесі мен өзара құрметке негізделгенін,

Мәскеудің Бейжің және басқа да серіктестерімен жан-жақты әріптестікті дамытуды жалғастыратынын айтты.

Ресей мен Қытай басшылары бұдан бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамптың экономикалық саясаттарына төтеп беру үшін сауда айналымдарында екі елдің ұлттық валюталары – рубль мен юаньды қолдануға әзір екендіктерін мәлімдеген болатын.