АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Ақ үйдің Иранға қарсы санкцияларын ақтады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы дүйсенбі күні Қаржы министрімен бірге өткізген баспасөз отырысында әлемдік қоғамның Ақ үйдің Иранға қарсы санкцияларына білдірген қарсылығына тоқталмай, Иранға қысым көрсететін әртүрлі жолдардың бар екенін, олардың бірінің экономикалық қатты қысым екені туралы уәж айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Майк Помпео бұрынғы уәждерін қайталап, АҚШ үкіметінің Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтардың негізгі демеушісі екені дәлелденгеніне қарамастан, Иранды лаңкестікті қолдаушы деп айыптап: «АҚШ Ираннан қарапайым ел ретінде қатынас орнатуды талап етеді. Сондықтан өз мақсатына жету үшін Иранға қарсы қысымды сақтап, санкция салады»,- деді. Помпео сондай-ақ, Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына қатысты сөзінде санкциялардың мақсатын жаңа ядролық келісімге келу деп атады.
АҚШ Қаржы министрі Стив Мнучин де кеше қарашаның 5 күні күшіне енген Ақ үйдің Иранға қарсы заңсыз санкцияларының екінші кезеңінің үдерісіне тоқталды.