АҚШ-тың Өкілдер палатасына алғаш рет мұсылман әйелдер сайланды
(last modified Wed, 07 Nov 2018 14:24:32 GMT )
Қар 07, 2018 20:24 Asia/Almaty

АҚШ-тың Өкілдер палатасына алғаш рет Мичиган және Миннесота штаттарынан екі мұсылман әйел сайланды.

Al Jazeera арнасының мәліметіне сәйкес, сейсенбі күні өткен АҚШ-тың кезеңаралық сайлауында Миннесота штатынан Илһан Омар, Мичиган штатынан Рашида Тлаиб Демократтар партиясының атынан Өкілдер палатасы депутаттарына үміткер ретінде сайланып, бұл оқиға "тарихи сайлау" деген атауға ие болды.

Тлаиб – АҚШ Конгресіне мүше болуын "Исламның ең әсерлі жол арқылы көрініс табуы" деген мағынаны білдіретінін айтқан палестиналық мигрант.

Омар – АҚШ Конгресіне сайланған алғашқы мұсылман Кит Эллисонның орнын басқан сомалиялық-америкалық әйел.

Сарапшылар мұсылмандардың сайлау бәсекелестігіне қатысуына АҚШ президенті Дональд Трамптың нәсілшілдік сипаттағы саясаттары әсер еткен деп санайды.