Харрази: АҚШ-тың Ауғанстандағы белсенділігі сол елдің қауіпсіздік мәселелерін ушықтырды
(last modified Mon, 12 Nov 2018 09:35:59 GMT )
Қар 12, 2018 15:35 Asia/Almaty
  • Харрази: АҚШ-тың Ауғанстандағы белсенділігі сол елдің қауіпсіздік мәселелерін ушықтырды

Иранның Сыртқы қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы АҚШ-тың 17 жыл бойы Ауғанстанда болуынан кейін бұл елде қауіпсіздікке қатысты мәселелердің арта түскенін мәлімдеді.

Al Alam телеарнасының хабарлауынша, Сейіт Камал Харрази БҰҰ бас хатшысының Ауғанстан мен Сирия істері жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Ахдар Ибраһимимен Париждегі Иран елшілігінде кездесуінде ДАИШ-тың Ауғанстандағы белсенділігі жайлы: "АҚШ Ауғанстанда ДАИШ лаңкестік тобы үшін кеңістік тудыру арқылы бұл елдегі қиындықтарды арттырды", - деді.

Харрази Ахдар Ибраһимидің Ирактағы сүниттер мен шиіттердің арасына жік салуына қатысты алаңдаушылығына жауап беріп: "Өкінішке орай, Парсы шығанағы маңындағы кейбір араб елдерінің Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтарды нығайту үшін көмек көрсетуі Ирак халқың арасындағы алшақтық пен жікшілдіктің артуына себеп болды. Алайда Ирактың діни жетекшісі мен жауапты тұлғалары және халықтық топтардың көрегендігі мен даналығының арқасында Ирактағы исламдық екі мазһаб бір-біріне жақындай түсті",- деді.

БҰҰ-ның бұрынғы жауапты тұлғаларының бірі Ахдар Ибраһими де бұл кездесуде "БҰҰ-ның бұрынғы жауапты тұлғаларының Таяу Шығыстағы ахуал мен Палестина мәселесінің ұмытылғанына алаңдап отырғанын мәлімдеді.

 

 

Тегтер