Франция: Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысын тоқтату керек
(last modified Tue, 13 Nov 2018 09:36:27 GMT )
Қар 13, 2018 15:36 Asia/Almaty
  • Франция: Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысын тоқтату керек

Франция Сыртқы істер министрі Батыс елдерінің кешіккен реакцияларының жалғасында әлемдік қоғамнан Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысын тоқтату үшін шара қолдануды сұрады.

Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Жан-Ив Ле Дриан дүйсенбі күні Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысын «лас соғыс» деп атап: «Бұл соғыстың жеңімпазы болмайды. Сондықтан шығынды тоқтату керек»,- деді. Жан-Ив Ле Дриан осы уақытқа дейін өтетін күні жарияланбаған Еуропаның Йемен туралы отырысына тоқталып, барлық тараптардан соғысты тоқтатып, гуманитарлық көмектерді бастау және мәсеелні саяси жолмен шешуге шара қолдануды сұрады.

Франция Сыртқы істер министрінің  бұл сөзі  Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы басталып, әскери емес жазықсыз йемендіктерді қыруынан өткен 44 айда өз елінің Риядтың әскерилерін қару-жарақпен қамтамасыз етушілердің бірі болған жағдайда айтылуда.