АҚХА Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табандылығын 13-ші рет растады
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) жаңа мәлімдемесінде Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне табандылығын 13-ші рет растады.
«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚХА-нің Бас директоры Юкия Амано дүйсенбі күнгі жаңа мәлімдемесінде Иранның өз ядролық міндеттемелерін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сай іске асырып жатқанын растап: «Иран уран байыту деңгейін рұқсат етілген деңгейден асырған жоқ, уран қорын да белгіленген мөлшерден арттырмай, Агенттіктің инспекторларына ядролық орталықтарын тексеру үшін қажет мүмкіндік қалыптастырды»,- деп қуаттады.
АҚХА-ның жұмыс кестесіне сәйкес, Бас директордың мәлімдемесі Басқармалар кеңесінің кезеңдік отырысынан 10 күн бұрын дайындалып, Агенттікке мүше елдерге таратылады.
АҚХА Басқарамалары кеңесінің алдағы отырысы қарашаның 22 күні басталып, екі күн бойы Венада өтеді.