Американың әрекеттеріне қатысты тәуелсіз рөл атқарудағы Еуропаның мүмкіндіктерін саралау
(last modified Tue, 13 Nov 2018 15:56:22 GMT )
Қар 13, 2018 21:56 Asia/Almaty
  • Американың әрекеттеріне қатысты тәуелсіз рөл атқарудағы Еуропаның мүмкіндіктерін саралау

Еуропа елдерінің «Ортақ қадам» келісімін сақтап, Америка санкция салған жағдайда Иранмен серіктестіктерді жалғастыру үшін жасап жатқан талпыныстары көңіл аударарлық болғанымен Брюссель тарапынан әлі кесімді әрі әсерлі істердің белгілері көріне қойған жоқ.

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Германияның бұрынғы СІМ Зигмар Габриель мен оның қасындағы делегациямен Теһрандағы кездесуде Америка президенті Дональд Трамптың қатынасының халықаралық деңгейде түсініксіз жағдай қалыптастырғанын, егер Еуропа Американың әрекеттеріне қатысты тәуелсіз рөл атқара алса, еуропалық елдердің мүддесіне болатынын айтты.

Еуропа басшылары санкциялар басталудан бұрын арнайы механизм құру туралы сан рет сұхбат жүргізіп, «Ортақ қадам» келісімін сақтау үшін Американың санкцияларынан еуропалық компанияларды қорғауға уәде берген болатын.

Бұл шешім Ресей, Франция, Германия, Ұлыбритания, Қытай және Иран СІМ-лерінің Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы аясындағы отырысында қабылданды.

Алайда Еуропа Одағының Американың санкцияларымен күресу үшін механизмі қаншалықты әсерлі және оңтайлы болады?

Мәскеу экономикалық жоғары мектебінің ұлттық зерттеулер институтының бас маманы Юлия Сошникова «Коммерсант» газетіне берген сұхбатта «Еуропа «Ортақ қадамнан» шығатынын ескерткен Иранды тыныштандыруға күш салып жатыр. Осы аяда арнайы механизм құру, шәксіз, оң қадам. Бірақ, оның қалай жұмыс істеп, әсерлі болатыны белгісіз» деді.

Ол бұл мәселеге еуропалық ұсақ және орта саудагерлердің назар аудару ықтималын жоғары деп санайды. Ресейлік сарапшының пікіріне сәйкес, «Тотал» сияқты үлкен компаниялар әлемдік қаржы жүйесімен шектен тыс жақын болғандықтан Вашингтонның санкцияларының ықпалында болады әрі бұл әрекеттер еуропалық компаниялардың Иранмен серіктестіктеріне қатты әсер етеді деген мәселені болжау қиын.

Бірақ кейбір сарапшылар Еуропа Одағының шараларына күдік-күмәнмен қарайды. Соның ішінде Ресейдің саяси зерттеулер орталығының маманы Андрей Баклицкий Брюссель Вашингтонмен шынайы түрде бетпе-бет келуді мақсат етпейді дейді.

Қалай болғанда да болжамдар Америкаға қатысты Еуропадағы кейбір пікір қайшылықтарына қарамастан Американың біржақтылығына қарсылықтардың халықаралық деңгейде шынайы екендігін көрсетеді.  

Американың «Ортақ қадамнан» біржақты және заңсыз түрде шығуы мен Иранға қарсы санкция салуы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 резолюциясына қайшы әрі әлемдік қауымдастықтың пікірі мен көзқарасына көзжұмбайлық танытып, құрметсіздік көрсету саналады.  

Американың Иранның ядролық келісімі жайлы уәждері жалған, негізсіз. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас хатшысы Иранның «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асырудағы міндеттемелеріне табандылығын он үшінші рет растады. Сол себепті Еуропа өзінің беделі мен мүдделерін қорғау үшін неғұрлым жылдамырақ міндеттемелерін жүзеге асыруы керек.