Сардар Джазайери: Иранның зымырандық күш-қуаты туралы келіссөз жүргізілмейді
https://itolqyn.com/news/world-i3991-Сардар_Джазайери_Иранның_зымырандық_күш_қуаты_туралы_келіссөз_жүргізілмейді
ИИР Қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары: "Иранның зымырандық күш-қуаты туралы келіссөз жүргізілмейді. Бұл мәселе Ислам Республикасының "қызыл сызығы" болып табылады" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 09, 2016 17:01 Asia/Almaty
  • Сардар Джазайери: Иранның зымырандық күш-қуаты туралы келіссөз жүргізілмейді

ИИР Қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары: "Иранның зымырандық күш-қуаты туралы келіссөз жүргізілмейді. Бұл мәселе Ислам Республикасының "қызыл сызығы" болып табылады" деді.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ISNA-ның хабарлауынша, ИИР Қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы Масуд Джазайери АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранмен зымырандық сынақ мәселесін шешуде әріптестік жасауға әзірлігі туралы сөздеріне реакция білдіріп: "Иран өзінің қауіпсіздік тудыратын қорғаныстық доктринасы мен стратегияларын үстемшіл алпауыттар мен бөгделердің талап-тілектерінен тәуелсіз жобалап, қадағалайды. Сондай-ақ, осы аяда ешкімнің араласуына жол бермейді. Ислам Революциясы жетекшісінің жолнұсқауларымен Иранның күш-құдіреті аймақтан асып, жақын болашақта халықтардың исламдық оянуы америкалық үстемшілікті азайтады" деді.