Бакуде Әзірбайжан Республикасының қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды
https://itolqyn.com/news/world-i39922-Бакуде_Әзірбайжан_Республикасының_қысқаметражды_фильмдер_фестивалі_басталды
Әзірбайжан Республикасының 9-шы халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалі Бакудегі "Низами" кино орталығында жеті ирандық фильмнің қатысуымен басталды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 15, 2018 23:19 Asia/Almaty
  • Бакуде Әзірбайжан Республикасының қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды

Әзірбайжан Республикасының 9-шы халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалі Бакудегі "Низами" кино орталығында жеті ирандық фильмнің қатысуымен басталды.

Сәрсенбі күні кешке басталып, қарашаның он жетісіне дейін жалғасатын бұл халықаралық фестивальде 30 елдің 100 қысқаметражды фильмі көрсетіледі.

Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Вагиф Әлиев осы шараның ашылу салтанатында Бакуде тоғызыншы рет халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінің өткізіліп жатқанына тоқталып. оны әртүрлі елдердің кинематографтары арасында тәжірибе алмасу үшін жақсы мүмкіндік деп атады.