Қытайда полиция қызметкерлері арасында тапаншадан ату бойынша әлем чемпионаты басталды
https://itolqyn.com/news/world-i39923-Қытайда_полиция_қызметкерлері_арасында_тапаншадан_ату_бойынша_әлем_чемпионаты_басталды
ҚХР-да әлем елдерінің полиция қызметкерлері арасында тапаншадан ату бойынша ІІ әлем чемпионаты 69 мемлекет өкілдерінің, соның ішінде Иран командасының қатысуымен басталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 15, 2018 23:22 Asia/Almaty
  • Қытайда полиция қызметкерлері арасында тапаншадан ату бойынша әлем чемпионаты басталды

ҚХР-да әлем елдерінің полиция қызметкерлері арасында тапаншадан ату бойынша ІІ әлем чемпионаты 69 мемлекет өкілдерінің, соның ішінде Иран командасының қатысуымен басталды.

Бейсенбі күні ҚХР-ның оңтүстік-шығысындағы Гуандун облысы Фошань қаласында басталған халықаралық жарыс қарашаның он тоғызына дейін жалғасады.

Жарыс жеке өнер көрсету, ерлер мен әйелдер арасында жұптасып өнер көрсету және әйелдер мен ерлердің топтасып өнер көрсету түрлері бойынша өткізіліп отыр.

Бұл чемпионатқа әлем мен аймақтың 69 елінен 256 спортшы қатысуда. Соның ішінде 199 спортшы ерлер арасында, ал 57 спортшы әйелдер арасында сайысқа түседі.

Полицияның екі ер қызметкерінен құралған ИИР командасы ерлер арасында жеке және жұптасып өнер көрсету бойынша B тобында командалық сайысқа қатысып жатыр.