Әлемнің 98 мемлекеті Иранға адам құқықтары жөніндегі қарар жобасының бекітілуіне келісім бермеді
(last modified Fri, 16 Nov 2018 14:13:11 GMT )
Қар 16, 2018 20:13 Asia/Almaty
  • Әлемнің 98 мемлекеті Иранға адам құқықтары жөніндегі қарар жобасының бекітілуіне келісім бермеді

Иранға қарсы адам құқықтары жөніндегі қарар жобасы БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитеті тарапынан дауысқа салынып, 98 мүше елдің келісіміне ие болмады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл комитет бейсенбі күні кешкісін Канаданың жыл сайын адам құқықтары тақырыбындағы ИИР-на қарсы ұсынатын қарар жобасын дауысқа салды.

Нәтижесінде 85 мүше ел оң, 30 ел теріс, 68 мемлекет қалыс дауыс берді.

БҰҰ-дағы Ресейдің өкілі қарар жобасына қарсылық білдіріп, бұл жобаның адам құқықтарын қорғамайтынын мәлімдеді.

Сирия, Солтүстік Корея, Венесуэла, мен Пәкістан Канаданың Иранға қарсы ұсынған қарар жобасына қарсылық білдірген елдердің қатарын құрды.

Қарардың жобасы алдымен БҰҰ Бас ассамблеясында талқыға салынып, көпшіліктің оң даусын жинаған жағдайда ғана бекітіледі.