Нетаньяху мен Хук Иранға қарсы санкциялардан бос үміттенеді
(last modified Fri, 16 Nov 2018 14:50:11 GMT )
Қар 16, 2018 20:50 Asia/Almaty

Сионистік режимнің премьер-министрі АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі бұл елдің Иран істері жөніндегі арнайы өкілімен кездесуінде бұл ел президентіне Иранға қарсы қатаң санкциялар жариялағаны үшін алғыс білдірді.

Беньямин Нетаньяху мен АҚШ-тың Мемлекеттік департаментіндегі Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хук бейсенбі күні басып алынған Палестинада Иран мәселесіне қатысты кездесіп, сұхбаттасты. Нетаньяху АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары үшін қуаныш білдіргеннен кейін Брайан Хук санкциялардың осылай жалғаса беретінін, қатаң санкциялардың аймақта Иранның ықпалына тосқауыл қоятынын айтты.

Нетаньяху мен Брайан Хуктің сұхбат тақырыбы Иранның стратегиялық маңызды Батыс Азия аймағында қуатты ел екенін жақсы көрсетіп отыр. АҚШ пен сионистік режим кез келген мүмкін жолмен Иранның ықпалымен күресуге күш салып жатыр. Қазіргі кездегі Сирия мен Йемендегі жағдай әртүрлі тәсілдер арқылы, соның ішінде лаңкестер мен адамдарды жалдау арқылы өз саясаттарын жүзеге асыра алмаған АҚШ-тың, Сауд Арабиясы мен Израильдің анық жеңіліске ұшырағанын көрсетіп отыр.

Сирия мен Йемендегі майдандық көрініс АҚШ пен одақтастарының қарапайым халықты өлтіріп, инфрақұрылымдарды қиратудан басқа еш нәтиже бермеген саясаттарын тығырыққа тірегені анық. Дәл осы мәселе Израиль мен Сауд режимінің дем беруімен АҚШ-тың белсенді әрі ықпалды ойыншы Иранның қуатына әсер ету мақсатында қатаң санкцияларды күшіне енгізуіне себеп болды.

ИИР Армиясының бас қолбасшысы бригада генералы Абдурахим Моусави бейсенбі күні: "Батыс Азия аймағы шайтан азғырып отырған қылмыскер АҚШ-тың үлкен жеңілістерінің көрмесіне айналды",- деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының аэро-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригада генералы Амирали Хаджизаде Иранның тежегіш қуаты жайлы: "ИИР-ның қуаты жайлы басқалардан, әсіресе АҚШ президенті Дональд Трамптың аузынан есту керек",- деді.

Иран – ғылым, экономика, әскери іс секілді түрлі салалар бойынша өз алдына тәуелсіз бағдарламалары бар, сырттан соққы жасалса, теңселе қоймайтын ел. Иранның қуаты мен айбыны халықпен бірге тамырын тереңге жайған жергілікті факторлардан нәр алады.

Осындай жағдайда америкалық және сионистік басшылардың қатаң санкциялар жайлы айтып жатқан сөздері Иранға әсер етпейді. Бұл – ИИР-ның тәуелсіз қуатының нышаны. Бұл мәселеге қатысты саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Александр Наги ИИР Телерадио бірлестігінің испан радиосына берген сұхбатында Иранның ядролық ғылым, нанотехнология, бағаналық жасушалар мен әскери өнеркәсіп салаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін айтты.

Бұл ерекшеліктер Иранды Нетаньяху мен Брайан Хук секілді адамдардың АҚШ пен Израиль қолдау көрсетіп отырған лаңкестердің жеңіліс табуына себеп болған ислам республикасының күннен-күнге артып келе жатқан әрі аймақтағы маңызды қуатын нығайтуға қатысты бос қиялдарға негізделген АҚШ-тың санкциялары ешқандай кедергі жасай алмайтын мемлекетке айналдырды.