ЮНИСЕФ: Әр 10 минут сайын бір йемендік бала жан тапсыруда
https://itolqyn.com/news/world-i39942
БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әр сағат сайын алты йемендік баланың жан тапсырып жатқанын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 17, 2018 17:04 Asia/Almaty
  • ЮНИСЕФ: Әр 10 минут сайын бір йемендік бала жан тапсыруда

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әр сағат сайын алты йемендік баланың жан тапсырып жатқанын мәлімдеді.

Түркияның Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ЮНИСЕФ қорының директоры Генриета Фор жұма күні кешке мәлімдеме жариялап: "Соңғы үш жылдың ішіндегі соғыстың салдарлары мен зардабын балалар тартып жатыр. Соғыс кезінде кемінде 6000 бала қаза болып, жарақат алған. 11 миллион адам аман қалу үшін гуманитарлық көмектерге мұқтаж",- деді.

Осы мәлімдемеге сәйкес, әр 10 минут сайын бір бала    азық-түлік тапшылығы мен вакцинация жасау арқылы алдын алуға болатын ауруларға байланысты жан тапсырып жатыр.