Қар 17, 2018 17:20 Asia/Almaty
  • Арақчи: АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары Еуропаның егемендігі мен беделіне сын

Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасары АҚШ-тың санкцияларын Иран экономикасын нысанаға алмастан бұрын Еуропаның егемендігі мен қауіпсіздігі және беделіне сын деп атады.

Сейіт Аббас Арақчи жұма күні Мадридте өткен Испанияның маңызды ақпарат құралдары басшыларының баспасөз отырысында АҚШ-тың Иранға қарсы салған санкциясын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы заңсыз әрекет деп атап, Еуропаның бұл жағдайды басқара алатындығына үміт білдірді.

Арақчи сондай-ақ, АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шыққанына тоқталып: "Атом қуаты халықаралық агенттігінің қазірге дейін Иранның "Ортақ қадамға" беріктігін 13 рет растағанына қарамастан, АҚШ-тың ешбір себепсіз "Ортақ қадамнан" шығуы болашақта бірде-бір мемлекеттің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің келіссөзі, дипломатиясы және механизмдеріне сенім артпауына себеп болды",- деп мәлімдеді.

Иран СІМ саяси істер жөніндегі орынбасары екі ел арасындағы қарым-қатынастарға тоқталып, "Ортақ қадамнан" кейін Теһран мен Мадрид қарым-қатынастарының жаңа кезеңге аяқ басып, 3000-нан астам испаниялық компанияның Иранмен ынтымақтастық жасауға кіріскенін хабарлады.

 

 

 

 

 

Тегтер