Трамп: Бен Салман Хашоғджиді өлтірген жоқ
https://itolqyn.com/news/world-i39959
АҚШ Президенті Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің саудиялық сыншы әрі тілшінің өлтірілуіне қатысы жоқтығын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 18, 2018 16:27 Asia/Almaty
  • Трамп: Бен Салман Хашоғджиді өлтірген жоқ

АҚШ Президенті Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің саудиялық сыншы әрі тілшінің өлтірілуіне қатысы жоқтығын айтты.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ ОББ-ның Мұхаммад бен Салманның Джамал Хашоғджидің өліміне кінәлі екенін растағанына қарамастан Дональд Трамп сенбі күні ОББ-ның осы іске қатысты тиісті мағлұматтарды алмағанын айтты.

Трамп Бен Салманды кінәсіз деп атап, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен ОББ басшыларымен Хашоғджидің өлімі туралы сұхбаттасатынын айтты.  

Осындай жағдайда АҚШ-тың ОББ өзінің тексерісінде Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман Хашоғджиді Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығында өлтіруге бұйрық берген деген нәтижеге жетті.