Герхард Шредер: АҚШ Германиямен басқыншы ретінде сөйлеседі
https://itolqyn.com/news/world-i39964-Герхард_Шредер_АҚШ_Германиямен_басқыншы_ретінде_сөйлеседі
Германияның бұрынғы канцлері АҚШ-тың сауда саясаттарын "басқыншылық сипатта" деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 18, 2018 17:24 Asia/Almaty
  • Герхард Шредер: АҚШ Германиямен басқыншы ретінде сөйлеседі

Германияның бұрынғы канцлері АҚШ-тың сауда саясаттарын "басқыншылық сипатта" деп атады.

Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың сауда саясаттарын қатты сынға алып, Германияның Қытаймен жақын қарым-қатынасқа ие болуды қалайтынын білдірді.

Шредер АҚШ-қа Германиямен оккупацияланған ел ретінде қатынас жасауына жол бермеу керектігін айтып:  "АҚШ-тың Германиядағы елшісі өзін басқыншы офицер ретінде сезінеді. Шын мәнінде ол бір тәуелсіз елде жүр",-деді.

Германияның бұрынғы канцлерінің айтуы бойынша, мұндай жағдайда Берлин ұқсас мүдделерге ие одақтастарға қарай ойысуы керек.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың біржақты сауда саясаттары Еуроодақ пен Қытайдың теріс реакциясына ұшырады.