Ғариб Абади: Есірткімен күрес –халықаралық ортақ жауапкершілік
(last modified Mon, 19 Nov 2018 10:02:22 GMT )
Қар 19, 2018 16:02 Asia/Almaty
  • Ғариб Абади: Есірткімен күрес –халықаралық ортақ жауапкершілік

БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесіндегі Иранның тұрақты өкілі жексенбі күні кешке БҰҰ-ның есірткімен күрес жөніндегі комиссиясының отырысында есірткімен күрес мәселесінің ортақ халықаралық жауапкершілік екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Казем Ғариб Абади отырыста ИИР-ның есірткі заттарымен күрес, алдын алу және емдеуді қамтитын жан-жақты саясатына тоқталып: "Иран осы уақытқа дейін есірткі заттарымен күрес жолында қаржылай шығын мен 4000-нан астам адамның шәһид болуы секілді адами ауыр құн төледі",- деп баса айтты.

Ғариб Абади әлемдегі есірткі заттарының 75 пайыздан астам көлемінің Иранда анықталып жатқанын айтып, Иранды әлемдегі есірткімен күрестің туын көтеруші",- деп атады.

Ол кейбір елдердің есірткінің кейбір түрін заңдастырғанын сынға алып, оларды өз міндеттемелеріне берік болуға шақырды.

Әлемдегі есірткі контрабандасымен күрестің алдыңғы шебіндегі ел ИИР-ның бұл жолда 4000-нан астамы шәһид болып, 12 000-ға жуық адамы жараланды.