Иран мен Ресей арасындағы сауда айналымы 28 пайызға өсті
Иран мен Ресей арасындағы сауда айналымы 2018-ші жылдың жарты жылында өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 28,3 пайызға өсті.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресейдің Кеден ұйымы өз мәлімдемесінде Иран мен Ресейдің сауда айналымының ағымдағы жылдың бірінші алты айында 945 миллион 181 мың долларға жеткенін хабарлады. Бұл мөлшер 2017-ші жылдың бірінші жарты жылымен салыстырғанда 208 миллион 503 мың долларға немесе 28,3 пайызға өсті.
2018-ші жылдың жарты жылындағы Ресейдің Иранға жіберген эскпорты 629 миллион 26 мың долларды құрады. Бұл 2017-ші жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 120 миллион 335 мың долларға немесе 23,65 пайызға артты.
Иранның Ресейге экспорты бұл жылдың алты айында 315 миллион 920 мың долларға жетті. Өткен жылдың алты айымен салыстырғанда 88 миллион 168 мың долларға, яғни 38,71 пайызға өсті.