Ресей армиясы Бас Барлау Басқармасының басшысы қайтыс болды
Қар 22, 2018 16:38 Asia/Almaty
Ресей армиясы Бас Барлау басқармасының басшысы Игорь Коробов ауыр науқастан қайтыс болды.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде генерал Игорь Коробовтың ауыр науқастан көз жұмғанын хабарлады.
РФ Президенті Владимир Путин 2016 жылдың ақпан айының басындағы бір бұйрығында Игорь Коробовты Ресей армиясының Бас Барлау Басқармасының басшысы қызметіне тағайындаған болатын.
Коробов 2016 жылы осы лауазымға тағайындалғаннан кейін аталмыш басқарманың Сириядағы лаңкестерге қарсы амалдарын басқарды.
Тегтер