Ресей армиясы Бас Барлау Басқармасының басшысы қайтыс болды
https://itolqyn.com/news/world-i40036-Ресей_армиясы_Бас_Барлау_Басқармасының_басшысы_қайтыс_болды
Ресей армиясы Бас Барлау басқармасының басшысы Игорь Коробов ауыр науқастан қайтыс болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 22, 2018 16:38 Asia/Almaty
  • Ресей армиясы Бас Барлау Басқармасының басшысы қайтыс болды

Ресей армиясы Бас Барлау басқармасының басшысы Игорь Коробов ауыр науқастан қайтыс болды.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде генерал Игорь Коробовтың ауыр науқастан көз жұмғанын хабарлады.

РФ Президенті  Владимир Путин  2016 жылдың ақпан айының басындағы бір бұйрығында Игорь Коробовты Ресей армиясының Бас Барлау Басқармасының басшысы қызметіне тағайындаған болатын.

Коробов 2016 жылы осы лауазымға тағайындалғаннан кейін аталмыш басқарманың Сириядағы лаңкестерге қарсы амалдарын басқарды.