Зариф: Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың біржақтылығынан шаршады
https://itolqyn.com/news/world-i40061-Зариф_Халықаралық_қауымдастық_АҚШ_тың_біржақтылығынан_шаршады
Иран СІМ жұма күні кешке Италияға жасаған екі күндік сапарының соңында тілшілерге берген сұхбатында халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың біржақты саясаттарынан шаршағанын айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 24, 2018 15:42 Asia/Almaty
  • Зариф: Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың біржақтылығынан шаршады

Иран СІМ жұма күні кешке Италияға жасаған екі күндік сапарының соңында тілшілерге берген сұхбатында халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың біржақты саясаттарынан шаршағанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джафад Зариф сапары барысында өткізілген отырыстар мен кездесулерге сілтеме жасап, "Ортақ қадам" бағдарламасы мен АҚШ-тың біржатқы саясаттарымен күресу мәселесінің барлық жиналыстарда талқыланғанын мәлімдеді.

Зариф халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың біржақты саясаттарының келешекке қауіп төндіретінін көріп тұрғанын, халықаралық қауымдастықтың осы саясаттармен күресу үшін белгілі қаражатты қажет ететінін де айтты.

Иран Сыртқы Істер Министрі экономикалық ынтымақтастықтар мен арнайы механизмді пайдалану мәселесі жөнінде еуропалықтармен өткізген келіссөздерге тоқталып: "Еуропа одағына мүше елдердің тәуекелге баруы өте төмен болған, алайда, енді олардың бұл істі ілгерілетуге қаншалықты дайын екенін байқау керек",- деді.