Арақчи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қиын жағдаймен бетпе-бет келді
(last modified Tue, 27 Nov 2018 09:18:46 GMT )
Қар 27, 2018 15:18 Asia/Almaty
  • Арақчи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қиын жағдаймен бетпе-бет келді

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асырылып, санкциялар күшін жойған кездегі Иранның экономикалық мүдделеріне тоқталып, бұл келісімнің қазір қиын жағдаймен бетпе-бет келіп отырғанын ескертті.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Сейед Аббас Арақчи дүйсенбі күні «Иран мен Еуропаның ядролық ынтымақтастықтары» атты Брюссельде өткен үшінші семинарда сөз сөйлеп: ««Ортақ қадам» – жан-жақты бағдарламасы маңызды саяси жетістік. Иран бұл келісімдегі міндеттемелеріне толығымен табанды. Бірақ, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының экономикалық пайдасын пайдаланатындай механизм іс жүзінде табылған жоқ. АҚШ-тың санкцияларды қайтадан салуы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы мүдделерін пайдалануға тосқауыл жасады. Аталмыш келісім АҚШ пен Иранға ғана қатысты емес. Бұл – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері №2231 қарар арқылы бекіткен халықаралық келісім»,- деді.