Мәскеу Ресей мен Украина арасында текетірес тудырғаны үшін Батыс елдеріне ескерту жасады
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мәскеу мен Киев арасында текетірес тудырғаны үшін батыстықтарға ескерту жасады.
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова батыс елдерінің Керчь бұғазындағы арандатушылық әрекетінің дайындық шараларынан хабардар болғаны ықтимал екенін мәлімдеді.
Ресейлік шенеунік Украинаның Керчь бұғазындағы арандатушылық әрекеттің батыс елдерінің қатысуымен жүзеге асырылғанының мүмкін екенін айтты.
Захарованың айтуынша, батыс саясаткерлерінің сөздері мен шетелдік ақпарат құралдары тарапынан құрылған кампанияның мәлімдемелері осы мәселені растап отыр.
Жексенбі күні үш украиналық әскери кеме Керчь бұғазынан өтіп, Қырым түбегіндегі Ресей суларына кірген. Мұның артынша Ресейдің әскери кемелері украиналық кемелермен қақтығысып, оларды тоқтатып, тергеген.
Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынас 2014 жылдан бастап батысшылдардың Киев үкіметіне қарсы төңкерісінен соң шиеленісе түсті.
Қырым түбегі Украинадан бөлініп, дәл сол жылы Қырым түбегінде референдум өткізілгеннен кейін Ресей территориясына қосылуы екі ел арасындағы текетірестің ушыға түсуіне себеп болды.