Азия парламенттерінің ассамблеясы – Азия елдері қуатының көрінісі
Азия парламенттері ассамблеясының 11-ші отырысы Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджанидің қатысуымен бейсенбі күні Түркияның Стамбұл қаласында басталып, үш күн өтеді.
Азия парламенттері ассемблеясының негізін Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі қалаған. Оның тұрақты хатшылығы Теһранда орналасқан. Азия парламенттерінің ассемблеясы 2006 жылы өзінің құрылғанын мәлімдеді. Азия парламенттерінің ассамблеясына төрағалық ету мерзімі екі жыл. Қазір төрағалық Түркияға берілген. 2019 жылы Азия парламенттері ассамблеясының кезекті отырысын Иран ұйымдастырады.
Азия елдеріндегі көптеген әлеуеттердің, соның ішінде түрлі табиғи ресурстардың, бәрінен маңыздысы адами ресурстардың көптігіне байланысты осы аталған әлеуеттерді дұрыс басқарып, саяси-экономикалық даму мен бейбітшілік және қауіпсіздік орнатуға бағыттай алатын ассамблея құру қажет болды. Сол себепті Азия елдері парламенттерінің ассамблеясы қалыптасып, осы ассамблеяны анықталған мақсаттарға жетелеу үшін барлық талпыныстар "Азиялық парламент" құруға бағытталып отыр.
Бұған дейін Азия елдері арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті кеңейту үшін негіз қалыптастыру мақсатында Азия парламенттері ассамблеясының он отырысы өткізілді. Ал Стамбұлда өтіп жатқан отырыс – ынтымақтастықтарды кеңейту жолындағы Азия парламенттері ассамблеясының он бірінші отырысы.
Азия парламенттері ассамблеясының бас хатшысы Мұхаммадреза Маджиди бұл ассамблеяны құру мен оның жыл сайынғы отырыстарын ұйымдастырудың мақсатын "Азиялық парламент" құру екенін айтыып: "Азия құрлығы көне мәдениет пен өркениеттерге бай. Сондықтан Азиялық парламент құру Азия елдерінің бір-біріне тілектестік білдіру арқылы көптеген қиындықтарды, атап айтқанда лаңкестік, кедейшілік, ауру-сырқаттарға қарсы табандылық танытуына септігін тигізеді",- деді.
Бірлескен ынтымақтастықтың Азия құрлығының түрлі аймақтарындағы алуан түрлі қиындықты шешуге көмектесетіні шәксіз. Жұмыссыздық, кедейшілік, кемстіушілік, тынышсыздық пен лаңкестік бүгінде Азия қоғамындағы қиындықтардың қатарын құрайды. Мәжіліс – жарқын көкжиектің негізін қалыптастыру мақсатында кеңесіп, ақылдасып, жоспар құратын мекен. Мұндай жағдайда қиындықтарды шешу үшін Азиялық парламент құру бұрынғыдан бетер маңызға ие болады.
Бұл қиындықтардың пайда болуына сыртқы факторлар әсер етіп жатыр. Лариджанидың айтуынша, америкалықтардың азиялық елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық үшін қалыптастырған бейберекеттікте байланысты Азиядағы әлеуеттерді дұрыс пайдалану қажет.
Келешекте әлемдік саясат пен экономика Азияға тиесілі болады. Сол себепті түрлі мәдениет пен нәсілден құралған әртүрлі азиялық мемлекеттердің өкілдерінің басын бір ортақ мақсат үшін қоса алатын "Азиялық парламент" құру өте маңызды. Қазір Азия парламенттерінің ассамблеясы 40-тан астам негізгі және 16 бақылаушы мүшеден құралған. Азия парламенттері ассамблеясы мүшелерінің көп болуы бұл ассамблеяның Азия елдері басшылары үшін қаншалықты маңызды екенін білдіреді.
Кез келген деңгейдегі аймақтық ынтымақтастықтардың қалыптасуы ортақ әріптестік пен қиындықтарды шешу үшін жақсы мұрсат. Сирия дағдарысын шешуді мақсат еткен "Астана үдерісіндегі" Иран, Ресей, Түркия мен Сирияның ынтымақтастығы оны Азияда кеңейтіп, дамыту үшін сәтті үлгі.