Жел 02, 2018 14:56 Asia/Almaty
  • Помпео «Иран баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді» деген уәж айтты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы сенбі күні кешке жасаған бір мәлімдемесінде «ИИР- жуырда көптеген оқтұмсықтарды тасымалдай алатын бір орта қашықтыққа арналған баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді» деген уәж айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Майк Помпео ешқандай құжат көрсетпестен, бұл сынақтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы екенін айтты.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джереми Хант та жексенбі күні таңертең Помпеоның осы уәжін қайталап, Twitter-дегі жеке парақшасында: «Лондон Иранның зымырандық бағдарламасына алаңдап отыр»,-деп жазды.

АҚШ пен Ұлыбританияның келісіп, осындай кеңістік тудыруы  Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының ақпарат хатшысы Набила Масралидің осыдан бұрын Иранның зымырандық сынақтарының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына еш қайшылығы жоқтығын мәлімдеген жағдайда жасалып отыр.   

 

Тегтер