Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымын саясиландыру бір хаттаманың жойылуы дегенді білдіреді
(last modified Sun, 02 Dec 2018 11:29:47 GMT )
Жел 02, 2018 17:29 Asia/Almaty
  • Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымын саясиландыру бір хаттаманың жойылуы дегенді білдіреді

ИИР СІМ-нің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік департаментінің директоры Реза Наджафи Химиялық қарулар конвенциясын қайта қарауға арналған төртінші конференцияда жаппай қырып-жоятын қаруларды пайдаланған әрі халықаралық заңдарды бұзатын ең ірі ел ретіндегі АҚШ тарапынан тағылған айыптарды теріске шығарып, бұл елдің конференцияны сәтсіздікке ұшыратудағы бүлдіргі рөлін сынап:

«АҚШ жаппай қырып-жоятын қаруларды, соның ішінде химиялық қаруларды ең көп қолданған және осындай қаруларды пайдаланатындарды, әсіресе Саддам режимі мен лаңкестік топтарды демейтін ел ретінде Химиялық қарулар конвенциясына мүше басқа елдердің іс-шаралары туралы пікір білдіруге қақысы жоқ»,-деді.

Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы (Organisation for the Prohibition of Chemical Weapons) – 1997 жылы химиялық соғыстарға тыйым салу туралы халықаралық конвенция күшіне енгеннен кейін құрылған үкіметаралық ұйым.

Адамдарға қарсы қылмыстар мен орны толмас зияндары ауқымды болғандықтан Иран химиялық қаруларды қолдануға қарсы елдердің алдыңғы қатарында тұр.

АҚШ бүлдіргі әрі іріткі салу сипатындағы саясаттарымен барлық халықаралық міндеттемелер мен қағидаларды бұзды.

Сальвадордың басқаруымен Нидерландыдағы резиденцияда өткен Химиялық қарулар конвенциясын қайта қарауға арналған төртінші конференция қорытынды құжаттың жобасын жасауды күн тәртібіне қойғанымен АҚШ-тың қарсылығы салдарынан құжат бекітілмеді.

ИИР бұл ұйымның кейбір мүше елдердің саяси мақсаттары үшін құрал ретінде пайдаланылмауы қажеттігін қуаттап отыр.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Батыс елдері Химиялық қаруларға тыйым салу конвенциясын өздерінің саясаттарын орындайтын құралға айналдыруға талпыныс жасауда»,-деді.

Алайда Химиялық қаруларға тыйым салу конвенциясын қалай құтқаруға болады?

Жаппай қырып-жоятын қаруларды өндіріп,  қолдануға тыйым салу туралы хаттамалар бекітілгеніне қарамастан, әлі күнге дейін кейбір елдер, соның ішінде АҚШ осы конвенцияларға қатысты міндеттемелеріне табандылық танытпай немесе өз міндеттемелерін орындаудан жалтару арқылы бұл конвенцияның беделі мен біртұтастығына қауіп төндіруде.

Университет ұстазы әрі саяси сарапшы Сиамак Бағери осы туралы: «Батыс елдері химиялық қаруды алғаш қолданған елдер ғана емес, сонымен қатар химиялық қаруларды экспорттаған да алғашқы елдер саналады. Таңылған соғыс барысында Ирак химиялық қаруларды германиялық, британдық және америкалық 150 компаниядан алып отырды»,-дейді.

Иран мен халықаралық қауымдастық Химиялық қарулар конвенциясы туралы келісу үшін орасан зор қаражат жұмсады. Сондықтан ИИР бар күш-жігерімен осындай жаппай қырып-жоятын қарулар және оларды пайдаланумен күресу қажеттігін қуаттап, әлемдік қауымдастық пен қоғамдық пікірді қолдағы мүмкіндіктер мен әлеуеттерді пайдаланып, осындай қару-жарақ түрін жасау, көбейту және қолданумен күресуге және ДАИШ сияқты лаңкестік топтар мен олардың аймақтық және трансаймақтық демеушілерінің қарулардың мұндай түрін қолдануы және пайдалану туралы қоқан-лоққы жасауына бұрынғыдан көбірек қатаңдық танытуға шақырды.