Талибан тобы Ираннан қару-жарақ қабылдағаны туралы АҚШ-тың уәжін теріске шығарды
Талибан тобы Ауғанстанда әскери амалдарды жүзеге асыру үшін Иранның қару-жарақ жібергені туралы АҚШ-тың уәжін жалған деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Талибан тобының баспасөз өкілі Қари Мұхаммад Юсеф Ахмади АҚШ-тың уәжін теріске шығарып: "Талибан тобы осы уақытқа дейін Ираннан ешқандай қару алған жоқ.
Талибан тобы қару-жарақтың үлкен бөлігін Ауғанстанның мемлекеттік күштерімен соғыста олжалаған",- деді.
Талибан тобы баспасөз өкілінің айтуы бойынша, АҚШ бұл уәждері арқылы АҚШ халқы мен халықаралық қауымдастықтың Ауғанстандағы үлкен жеңілісіне қатысты ойын бұрмалау мақсатында жасап отыр.
Қари Мұхаммад АҚШ үкіметінен осы соғыста жеңіліске ұшырағанын қабылдап, жалған хабар тарату арқылы өзінің Ауғанстандағы әскери құзырын жалғастыруды көздемеуді сұрады. Себебі, бұл топ елден шетелдік әскерилерді шығаруға шешім қабылдаған.