Макрон наразыларға қатысты ұстанымдарынан бас тартты
Франция президенті Эммануэль Макрон халықтық наразылықтардың күшеюінің жалғасында премьер-министр Эдуард Филиппке наразылардың жетекшілерімен келіссөз жүргізуге бұйрық берді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Макронның наразылармен келіссөз өткізу туралы шешімі оның өткен аптада наразылықтар басталғаннан кейін наразылардың үнін естігенін, алайда өз ұстанымынан кері қайтпайтынын мәлімдеген жағдайда қабылданған.
Капитализмге қарсы "Сары жилеттер" қозғалысы деп аталатын Макрон үкіметі көздеген экономикалық реформалар мен әрекеттерге наразылық толқыны үш аптадан бері бүкіл Францияны қамтыды.
Наразылықтардың салдарынан бүгінге дейін үш адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.
Осы ретте Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф Франция полициясының бұл елдегі наразыларға қарсы жасап жатқан зорлық-зомбылықтарына қатысты Иранның позициясын білдіріп: "ИИР-ның көзқарасы бойынша, бейбіт түрде наразылық шеруіне шығу – кез келген халықтың құқығы; халық наразылық білдіре алады, алайда наразылық заңды шектен шықпауы керек",- деді.