Иран СІМ Помпеоның Иранға қарсы сөздеріне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i40200-Иран_СІМ_Помпеоның_Иранға_қарсы_сөздеріне_реакция_білдірді
Иран СІМ АҚШ Мемлекеттік хатшысының «Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2231 қарарын бұзды» деген уәжіне реакция білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 03, 2018 16:04 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Помпеоның Иранға қарсы сөздеріне реакция білдірді

Иран СІМ АҚШ Мемлекеттік хатшысының «Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2231 қарарын бұзды» деген уәжіне реакция білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф: «АҚШ-тың өзі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзып, оған берік болмаса басқаларды жазалайтыны туралы қоқан-лоққы жасаған жағдайда Иранды осы қарарды бұзды деп айыптап отыр",- деді.

Зариф АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына екіжүзділік танытатындығына тоқталып: "Бүгінде ойдан шығару АҚШ Мемлекеттік департаментінде қалыпты жағдайға айналған",- деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның зымырандық сынақтарды өткізуін «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу» деген уәж айтқан болатын.