Иран СІМ Помпеоның Иранға қарсы сөздеріне реакция білдірді
Иран СІМ АҚШ Мемлекеттік хатшысының «Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2231 қарарын бұзды» деген уәжіне реакция білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф: «АҚШ-тың өзі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзып, оған берік болмаса басқаларды жазалайтыны туралы қоқан-лоққы жасаған жағдайда Иранды осы қарарды бұзды деп айыптап отыр",- деді.
Зариф АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына екіжүзділік танытатындығына тоқталып: "Бүгінде ойдан шығару АҚШ Мемлекеттік департаментінде қалыпты жағдайға айналған",- деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның зымырандық сынақтарды өткізуін «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу» деген уәж айтқан болатын.