Иран мен Әзірбайжан өлшегіш жерсерік жасауға келісті
(last modified Thu, 06 Dec 2018 10:57:19 GMT )
Жел 06, 2018 16:57 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан өлшегіш жерсерік жасауға келісті

Иранның Байланыстар және ақпараттық технологиялар министрі Теһран мен Бакудың өлшегіш жерсерік жасауға келіскенін хабарлады.

Иранның Байланыстар және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммад Джавад Азари Джахроми сәрсенбі күні Бакуге жасаған екікүндік сапарының соңында IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иран мен Әзірбайжанның ортақ өлшегіш жерсерік жасау үшін екі елдің ғылыми қарым-қабілетін пайдалануға келіскенін хабарлады.

Азари Джахроми, сондай-ақ, Иран, Әзірбайжан, Түркия мен Ресейдің 2019 жылдың қаңтар айының бірінші жартысында Теһранда төртжақты отырыс өткізетінін, Иранның Байланыстар және ақпараттық технологиялар министрлігінің Теһран саммиты аясында осы ортақ өлшегіш жерсерікті жасау жобасын іске қосуға ұсыныс жасағанын, қорытынды келісімге келген жағдайда жобаның жүзеге асырылатынын айтты.

 

Тегтер