Францияның Санадағы бұрынғы елшісі Йеменде Иранның қару-жарағының жоқ екенін айтты
Францияның Санадағы бұрынғы елшісі Жиль Готье Иран қару-жарақтарының Йеменде жоқ екенін, АҚШ-тан бастап барлық елдердің бұл шындықтан хабардар екенін айтты.
Жиль Готье France-24 телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ Иран қару-жарақтарының Йеменде жоқ екенін бәрінен жақсы біледі, алайда Йемен мәселесі бойынша әрдайым Сауд Арабиясы жүйесінің тағдырына алаңдайды»,-деді.
Францияның Йемендегі бұрынғы елшісі Ансаролла күштерінің қару-жарақты қайдан алатыны туралы сұраққа жауабында: «Мен Йеменде елші болған кезде бұл елде шамамен 80 млн қару бар дейтін. Йеменнің кейбір тайпаларында 2008 жылдары әуе қорғаныс кешені болған»,-деді.
Готье АҚШ-тың жуырда Йемендегі соғысты тоқтатуды сұрағанына тоқталып: «АҚШ Сауд Арабиясы жүйесінің болашағына алаңдап, Йеменге қатысты өз ұстанымын өзгертті. Өйткені, Сауд Арабиясы Йемен соғысында табысқа қол жеткізе алмай, күн сайын көп шығын көріп отыр»,-деді.