Мини-футбол бойынша Иранның ерлер мен әйелдер командалары әлем үздіктеріне үміткер атанды
(last modified 2018-12-08T09:58:12+00:00 )
Жел 08, 2018 15:58 Asia/Almaty
  • Мини-футбол бойынша Иранның ерлер мен әйелдер командалары әлем үздіктеріне үміткер атанды

Futsal Plannet мини-футбол бойынша халықаралық сайты әлем үздіктері атағына ие үміткерлерді таныстыру барысында 10 үміткердің ішінен Иранның мини-футбол бойынша ерлер мен әйелдер командаларын 2018 жылғы әлемнің ең үздік командасы атағына үміткер деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің жұма күнгі мәліметі бойынша, Иранның мини-футбол бойынша ерлер мен әйелдер командалары 2018 жылғы Азия чемпионы атанған болатын.

Әйелдер арасында ирандық Фарзане Тавасоли мен Фатеме Этедади әлемнің ең үздік қақпашысы және ойыншысы атағына үміткер саналады.

Ал 2018 жылы Буэнос-Айрестегі Олимпиада ойындарының финалында төрелік еткен Иранның халықаралық дәрежедегі төрешісі Геларе Наземи ең үздік төреші атағына үміткерлердің қатарында.

 

 

Тегтер