Бакуде ирандық тауарларды сатуға арналған алғашқы фестиваль басталды
Ирандық тауарларды сатуға арналған алғашқы фестиваль сенбі күні Әзірбайжанның астанасы Бакуде басталды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысының кооператив палатасының басшысы Махмуд Реза Шарифихаһ: «Бұл – Батыс Әзірбайжан облысының бастамасымен Иранның экспорттық тауарларын Бакуде ұсынып, сатуға арналған алғашқы фестиваль. Бұл іс-шарада құны жарты миллион долларды құрайтын 600-ден астам тонна ирандық тауар ұсынылды.
Батыс Әзірбайжан облысының кооператив палатасының мақсаты – ирандық тауарларды Әзірбайжан республикасы арқылы аймақ елдеріне экспорттау»,-деді.
Бакудегі ирандық тауарларды сатуға арналған алғашқы фестиваль 10 күнге созылады.
Бұл фестивальда тамақ өнімдері, қолөнер бұйымдары, кілем мен кілем-картиналар, ауыл шаруашылығы өнімдері, декоративті және құрылыс тастары, жуғыш заттар, тәтті-дәмділер мен бал ұсынылады.